Бизнес идея деген не

Содержание
  1. Бизнес-идея
  2. Методики для генерации бизнес-идей
  3. БИЗНЕС ИДЕЯЛАР МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮСІНДІРУ ТӘСІЛДЕР
  4. Бизнес идея дегеніміз не
  5. Пікірталас жүргізу. Ақыл-ойыңызды ширатыңыз!
  6. Бизнес үшін нарықтағы мүмкіндіктерді анықтаңыз
  7. Франчайзинг
  8. Көмекке шақырыңыз
  9. Әрбір кәсіпкер жеке кәсібін ашу үшін бизнес-жоспар керек екенін жақсы біледі. Ал, кәсіпкерлікке енді бет бұрғандар бизнес-жоспар деген не, ол не үшін қажет, оны қалай жасау керек деген сауалдарға тап болады. Ендеше, бұл мақала осындай сауалдарға жауап іздеген жас кәсіпкерлерге арналады.
  10. Шағын бизнесті қалай бастау керек?
  11. 8 Ең үздік бизнес-идея
  12. Киім бутигін ашу.
  13. Автокөлік жуу бизнесі.
  14. Инвесторды қалай және қайдан іздейміз?
  15. Инвестор іздеуде жіберілетін 3 қателік
  16. Инвесторға сөз емес, жоспар қажет
  17. Бизнес-жобада қандай мәліметтер болуы тиіс?
  18. Инвестормен келіссөз жүргізу тәртібі
  19. Инвестор үшін уақыт маңызды
  20. Инвестор мен демеушінің айырмашылығы

Бизнес-идея

Бизнес-идея — идея, которая может быть использована для построения новой компании или нового направления деятельности в уже работающей компании.

Как правило, бизнес-идея направлена на создание товаров или услуг, которые могут быть проданы за деньги, благодаря сформулированной в бизнес-идее новой бизнес-модели.

Существуют несколько методов для выработки и тестирования бизнес-идеи. Способность трансформации бизнес-идеи в жизнеспособный бизнес, должна быть подкреплена осуществимым бизнес-планом, который может быть продан за определенную сумму заинтересованным инвесторам или компаниям собственно до осуществления идеи. Также бизнес-идея может быть продана методом заключения контракта на реализацию бизнес-идеи с менеджером, или использованы иные способы компенсации.

Бизнес-идея, поданная в нужное время, когда ожидается нарастание спроса на упомянутые в бизнес-идее товары или услуги, может привести к созданию высокоприбыльного бизнеса. В условиях усиливающейся во многих отраслях конкуренции, начали появляться бизнес-идеи, которые направлены на создание товаров или услуг, на которые в данное время нет спроса вообще. Такие инновационные бизнес-идеи направлены на формирование спроса, методом предложения рынку абсолютно новых товаров или услуг.

Бизнес-идей и источников их возникновения множество, однако качество и своевременность их реализации определяют неудачу или успех.

Методики для генерации бизнес-идей

Как правило, успешные бизнес-идеи генерируются либо экспертами в отрасли бизнес-идеи, либо новичками, пришедшими из других отраслей и не обременёнными штампами и традициями отрасли бизнес-идеи.

Для генерации бизнес-идей может быть полезным проведение структурного анализа действующих отраслей, рынков, бизнес-моделей, бизнес-процессов. Как правило пишутся аналитические записки, проводятся SWOT-анализ, варианты PEST-анализа, Анализ пяти сил Портера.

Часто используется методика мозгового штурма.

Источник

БИЗНЕС ИДЕЯЛАР МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТҮСІНДІРУ ТӘСІЛДЕР

Чтобы добиться успеха в реализации бизнес идеи, необходимо рассматривать ее с позиции инвестора. Описание бизнес идеи — это отнюдь не рекламный листок продукта и не техническое задание, а скорее документ для принятия решений, который должен отвечать на три вопроса.

1. Какую проблему решает бизнес-идея, какова выгода потребителя (ЧТО)? Успех в условиях рынка зависит от удовлетворенных потребителей, а не от удивительных продуктов. Потребители покупают продукт, потому что они хотят удовлетворить свои потребность или решить свои проблемы.

Бизнес-идея должна предлагать решение проблемы, которая имеет значение для потенциальных потребителей. Их выгода от использования продукта определяется тем, что в нем является новым или улучшенным по сравнению с альтернативными решениями в изделиях конкурентов. Она может быть выражена сравнениями: более удобный, более безопасный, служит дольше, более эффективный в эксплуатации. Все это служит основным средством для дифференцирования, для обеспечения рыночного успеха бизнес идеи.

2. Каков рынок для предлагаемого продукта или услуги (КОМУ)? Бизнес-идея имеет реальное экономическое значение только тогда, когда люди хотят купить продукт. Поэтому вторая характеристика успешной бизнес-идеи — это то, что она демонстрирует существование привлекательного рынка для продукта и идентифицирует целевую группу потребителей.

Для этого вовсе не требуется проводить детальный анализ рынка. Предположения, сделанного относительно размера рынка, будет вполне достаточно для бизнес идеи.

3. Каков механизм получения дохода (КАК)? Классическая схема определения прибыли в бизнесе упрощенно выглядит следующим образом: предприятие покупает сырье, материалы или услуги у поставщиков, оплачивает их. Размер оплаты отражает его затраты. Когда предприятие продает произведенные им продукты или услуги своим потребителям, то оно получает доход, то есть выручку от реализации. На первых порах можно ограничиться грубой оценкой затрат и доходов.

Источник

Бизнес идея дегеніміз не

Бизнес идеяны іздеу кезінде жұмысты өзіңізден бастаңыз. Бойыңызда қандай қабілет бар? Мүмкін қолөнермен айналысасыз немесе ұйымдастырушылық қабілетіңіз бар шығар. Осындай сараптамадан кейін ғана өзіңізге лайықты бизнес идеяны таңдауға кірісіңіз.

Идеяларды кез-келген ақпарат көзінен алуға болады. Тек ізденіс пен нәтижелі болу үшін белгілі бір жүйе қажет.

Пікірталас жүргізу. Ақыл-ойыңызды ширатыңыз!

Пікірталас, жан-жақты сараптама жүргізу — ойлау қабілетіңізді жандандырудың ең тиімді тәсілі. Жалқаулығыңызға күрес жариялаңыз!

Идеяңызды жан-жақты сынақтан өткізіңіз. Жеке өзіңіз немесе топпен бірге бірнеше критерий бойынша бағалаңыз.

— Өніміңіздің түрі қандай немесе оны қалай өзгертуге болады? Тіпті көлемі, қалыңдығы, ені деген сияқтылардың барлығы маңызды.

— Уақытпен жұмыс. Өнім тәуліктің қай уақытында пайдаланылады және ол неше уақытты алады? Жасалып жатқан өнім үшін оның уақытша сипаттамалары (ол – ақырын, тез, ұзақ, мәңгілік…)?

— Сатып алушылар үшін өнімді немесе қызметті қалай пайдалырақ, сенімді, қолайлы етуге болады?

Читайте также:  Свое дело строительная экспертиза

— Түс. Жаңадан жасалып жатқан марканы визуализациялауға қандай түстерді пайдалану керек немесе бар марканының (брендтің) түс түрлерін қалай өзгерту керек?

— Қозғалыс. Өнім қалай қозғалады ( тездетеді, ақырындайды, бағытын өзгертеді, көтеріледі және т.б. ) және жалпы қозғала ма?

— Күй. Өнім қандай күйде болады – ыстық, суық, сұйық, қатты және т.б. ?

— Өнімге қандай өзіндік белгілер тән болады – күшті, әлсіз, өзгертілген, серпінді, жұмсақ және т.б.?

Бизнес үшін нарықтағы мүмкіндіктерді анықтаңыз

Жаңа нарықты табу өте қиын немесе тіпті мүмкін емес дегенді жиі естиміз. Кәсіпкерлер бұлай ойламауы тиіс. Мүмкіндік әрқашан жеткілікті. Оны табу үшін тек аздаған уақыт пен күш жұмсау керек. Интернетпен жұмыс істеу маңызды. Пайдалы мүмкіндіктерді анықтаудың ең қолжетімді тәсілі сіздің компьютеріңізде жатыр.

Идея іздеу алгоритмі мынадай – сіз тиімді идеяны таңдап алдыңыз, мысалы, «мобильдік контент». Ол туралы көп жазылып, айтылады. Көптеген бизнес басылымдарда осы тақырып талқыланады. Ғаламторда, әр түрлі ақпараттық материалдарда (мақалалар, сұхбаттар, зерттеулік есептер және т.б.) мобильдік контент және оның түрлері туралы, қазіргі дамуы туралы, қолданылуы, келешекте даму перспективалары туралы іздеу жасап көріңіз.

Осыдан кейін өзіңізде сол бизнесті шынайы түрде елестетіңіз. Сол бизнес жайындағы мақалаларды оқығаннан кейін қалған барлық білімді пайдалана отырып, компанияңыздың әр бөлігін егжей-тегжейлі елестету керек – кеңсе, техника, қызметкерлер, тұтынушылар және т.б.

Осы тәсіл кез келген бизнес идеяны анықтап, дамытуға жарамды.

Франчайзинг

Өзіңізге лайықты идеяны таңдап, өз бизнесіңізді тез және ауырпалықсыз ашудың тағы бір тәсілі — франчайзинг. Еш нәрсе ойлап табудың қажеті жоқ, тек сәтті өңделген технологияларды алып, қазақстандық негізге көшіру қажет.

Біздің экономика үшін франчайзинг салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болғанымен, шет елдерде франчайзинг қоғамның әр түрлі тауарлар мен қызметтерге сұранысын қанағаттандыратын құрал ретінде пайдаланылуда. Дегенмен, қазірдің өзінде Қазақстанда экономиканың әр түрлі саласында қызмет ететін 300-ге жуық франчайзингтік компаниялар тіркелген.

Көмекке шақырыңыз

Егер бизнес-идеяны табу қиынға түссе, жақындарыңыз бен достарыңызды көмекке шақырыңыз. Әдетте қоғамды толғандыратын сұрақтар тізімі төмендегідей болуы мүмкін:

— Денсаулықты қалай күту керек, жақындарыңа қалай қамқорлық жасау керек?
— Өзіңді, жақындарыңды және дүние-мүлкіңді қалай қорғауға болады?
— Қарым-қатынасты қалай дамыту керек?
— Қалай ақша табуға болады?

Осы тәрізді сұрақтар сізге, сіздің санаңызға түрткі болуы керек. Адамдардың қажеттілігін, олардың проблемаларының шешімін идеяға айналдыра біліңіз. Оған мысалдар да көп.

Эдвин Лэнд өзінің үш жасар қызымен серуендеп жүрген еді. Кенеттен қызы одан неге қазір ғана түсірген суретті дереу көруге болмайды деп сұрайды. Керемет! Лэндтің басына лезде суретке түсіретін фотокамера мен таспаны жасап шығару туралы ой келеді. Ол «Polaroid» компаниясының патенттер жөніндегі заңгерімен кездесіп, бес жылдан кейін 60 секунд ішінде дайын суретті шығарып беретін «Land» фотоаппаратын таныстырды.

Немесе, Джозефин Кочрейн беделді мейрамхананың бастығы еді. Ол өз қызметкерлерінің қымбат ыдыстарды жуу кезінде сындырғанына көне алмай, ыдыс жуатын машинаны ойлап шығарды.

Жазира САМИДИНОВА «7»

Әрбір кәсіпкер жеке кәсібін ашу үшін бизнес-жоспар керек екенін жақсы біледі. Ал, кәсіпкерлікке енді бет бұрғандар бизнес-жоспар деген не, ол не үшін қажет, оны қалай жасау керек деген сауалдарға тап болады. Ендеше, бұл мақала осындай сауалдарға жауап іздеген жас кәсіпкерлерге арналады.

Кәсіпкер үшін бизнес-жоспар жаңа бизнестің қалай жұмыс істейтінін бағалауға және оның болжамды нәтижелерін анықтауға, сондай-ақ банктен несие рәсімдеу барысында қажет болады.

Сонымен, бизнес-жоспар бұл – жаңа бизнестің жан-жақты толық сипаттамасы. Онда бизнес туралы ақпарат, бизнестің қаржылық талдауы, маркетингтік жоспары және қызметкерлер бойынша жоспары жасалу керек. Сонда, кәсіпкер жаңа бизнестің түр-сұлбасын көре алады және өзі де көп нәрсені түсініп, байқай алады.

Бизнес-жоспардың кімге арналғанына байланысты оның бірнеше түрін ажыратамыз:

  • Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл бизнес-жоспар кәсіпкерге жаңа бизнестің қаншалықты тиімді, я болмаса тиімсіз екенін анықтауға арналған.
  • Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Банктер кәсіпкерге несие беру туралы шешім қабылдау үшін, одан бизнес-жоспарды талап етеді.
  • Инвесторларды тартуға арғалған бизнес-жоспар. Инвесторлар өз қаржысын бұл бизнеске салар алдында, бизнеске талдау жүргізеді. Сол себепті, кәсіпкердің бизнес-жоспары қаралады.
  • Жергілікті және шетелдік серіктестермен бірлескен кәсіпорынға арналған бизнес-жоспар. Сауатты құрылған бизнес-жоспар сіздің ісіңіздің маңыздылығына серіктестің сенімін арттырады.
  • Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Білікті мамандарды өзіңізге жұмысқа тарту қиынға соғады. Сондықтан, бұндай бизнес-жоспар қызметкерге болашақ қызметтің сипаттамасы жайында және ұсынылатын жұмыстың тұрақтылығы мен келешегі туралы ақпарат береді.
  • Басқа компаниямен бірігуге арналған бизнес жоспар. Ол бірлескен қызметтің жағымды және жағымсыз жақтарын көруге көмектеседі.

Бизнес-жоспар келесі бөлімдерден тұрады:

  • Бизнес-идея. Істі алғаш бастайтын кәсіпкерге ең алдымен немен айналысатынын шешіп алу қажет, яғни ол бизнес-идея табуы тиіс. Бұл күрделі және жауапты саты. Бизнестің қалай құрылатынын осыған байланысты. Бұл жерде кәсіпкер өз білімі мен дағдыларын, жұмыс тәжірибесін, хобби мен қызығушылықтарын ескеруі керек.
  • Жеке мүмкіндіктер. Кәсіпкер жаңа бизнестің мүмкіндіктерін, өзінің мүмкіндіктерін және идеяны жүзеге асыруға керек өзге ресурстарды бағалауы тиіс.
  • Клиент. Кәсіпкер болашақ клиентінің кім болатынын жақсы білуі тиіс. Ол үшін кәсіпкер «Менің ықтимал клиенттерім кімдер? Олар қайда орналасқан? Менің клиенттерім нені бағалайды?» деген сынды сұрақтарға жауап беруі керек.
  • Бизнесті ұйымдастыру. Бизнесті ұйымдастыру барасында кәсіпкер өз клиенттеріне өнімді (тауарды немесе қызметті) шығару және оны сату үдерістері қалай, қашан ұйымдастырылатынын, оның қандай көлемде шығарылатынын ойластыруы тиіс.
  • Ақша қозғалысы. Кәсіпкерге жаңа бизнестің кірісі мен шығысын, теңгерімін болжау сияқты қаржылық құжаттарды жасау қиынға түседі. Дегенмен, ақшаның қозғалысын елестетіп көру қажет.
  • Тәуекелдер. Кәсіпкер бизнеспен бірге туындайтын: инфляция, несиелер, клиенттердің ақы төлеуден бас тартуы, төтенше жағдайларға байланысты немесе серіктесіңіз тарапынан алданып қалу сынды барлық тәуекелдерді ескеруі тиіс. Бұл тәуекелдерге дайын болуға және туындаған жағдайда еңсере білу үшін қажет.
Читайте также:  Как списать за счет чистой прибыли своей организации пример проводки

Ақтоты Майлыбаева

Жеке бизнес ашу – бұл тек қана табыс көзі ғана емес, ол адамды материялдық тұрғыдан тәуелсіз етеді. Бірақ қандай шағын бизнеспен айналысуға болады? Бұл сұраққа біз жауап беруге тырысамыз.

Шағын бизнесті қалай бастау керек?

1.Бизнес идея.

Өзіңізге ұнайтын бағыттарды қарастырып, қызықтырғанын таңдаңыз. Тұтынушыны қамтамасыз етуге толық дайын болуыңыз керек. Бәсекелестеріне көз жүгіртіп, бұл нарықта сізге орын табылатынын анықтаңыз.

2.Бизнес-жоспар құрамыз.

Шағын бизнестің жоспары қалай жасалады? Ең басында шығындар мен табыстарды есептеп шығарамыз. Одан қандай олжаға ие болатындығын анықтаймыз. Материалдарға, жабдықтарға және жиһазға қанша қаражат кететінін түсінуіміз қажет.

3.Жұмысты бастаймыз.

Жалға ұсынылатын бөлме немесе қойма іздейміз. Шикізат, жабдықтар, шығын материалдарын сатып алып, болашақ жұмыс орнын дайындаймыз.

4.Жұмыскерлерді табамыз.

Егер сізге көмекші адамдар керек болса, оларды табу қажет. Негізгі талаптарға сай болатын қызметкерлерді жұмысқа қабылдаймыз.

5.Бизнесті ашамыз.

Алғашқы сатылымдардын кейін, пайда болған кемшіліктерді анықтап, оларды жоямыз.

Ұқсас: Интернетте ақша табу жолдары

8 Ең үздік бизнес-идея

Қазіргі заманда кәсіпкер болу үшін ең бастысы бастапқы капитал ғана емес, ойластырылған бизнес-идея болу керек. Егер сіз оны тапсаңыз, сіз өз ісіңізді ашу үшін үлкен қадам жасадыңыз. 2018-2019 жылғы өз ісіңізді бастауға арналған ең қызықты идеяларды ұсынамыз.

Гүл сату дүкені.

Гүл бизнесі әрқашан үлкен сұранысқа ие. Үйлену тойы, туған күндер, мерейтойлар, мерекелер, тіпті жерлеу рәсімдері – флористтің қызметін талап етеді. Сізге арнайы дайындықтан өтудің қажеті жоқ. Бұл бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің көбісі, барлығын өздігінен үйреніп алды. Егер сіз гүл бизнесін бастау туралы шешім қабылдасаңыз, гүлдеріңізді сатуға мүмкіндік беретін жақсы орын табуыңыз керек. Тұтынушыларыңызды әрдайым жаңа және тіпті сирек кездесетін гүлдермен тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін, сізге гүл жеткізушілермен жақсы байланыста болу керек.

Киім бутигін ашу.

Бұл идеяның мәні – сізге өңдірушіден арзанға киім сатып алып, оны шағын дүкендерде тұтынушыларға қымбат бағаға сату. Көптеген кәсіпкерлер – бұл танымал бизнестің үлкен табыс әкелуі үшін, бизнес жүргізетін орынды дұрыс таңдау қажет деп айтады. Бутикті ашу үшін үлкен бөлме қажет емес. Сізге сауда орталығында бірнеше шаршы метрді жалға алсаңыз болды. Сондай-ақ, интернет-дүкенің ашу арқылы, тауарды пайдаланушының үйіне жеткізуіңізге болады.

Фотограф.

Алдымен жабдықты өзін сатып алып, оның функционалдығын түсіну керек. Фотоаппарат профессионалды болмаса да, ең маңыздысы фотосуретті өңдеуді үйрену. Ғаламторда фотосуреттердің кешміліктерін жоюға арналған көптеген нұсқаулар және бағдарламалар жеткілікті.

Фотоаппаратты қалай қолдануды және өңдеуді үйренгесін, портфолио жасап, әлеуметтік желілерде жасалған фотоларды жариялаңыз. Әлеуметтік желілер арқылы клиенттер тауып, келіссөздерді сол жерден жүргізіңіз. Табыстың бір бөлігін жаңа кәсіби фотоаппаратқа жинай беріңіз.

Ұқсас: Банктен несие(кредит) алу дұрыс па?

Пәтер жөндеу.

Бұл бизнесті бастау үшін, көп инвестиция қажет емес. Сізге, керекті құралдар жиынтығын және жұмыс формасын сатып алу керек. Әлеуметтік желілерде, хабарландыру тақталарында немесе газетте өзіңіз жайлы жарнама қалдырыңыз. Жақсы жасалған жұмыс, сізге деген сұранысты көбейтеді.

Техниканы жөндеу.

Бұл бизнес – тек қажетті құралдарды сатып алу мен тәжірибені талап етеді. Қазіргі заманғы технология үнемі бұзылады, сондықтан жөндеу шеберханалары үнемі жұмыс істейді. Олар тапсырылған техниканы 2 апта бойы, ал кейбір жағдайда 1 ай ішінде түзетеді.

Істеген жұмысыңыздың сапасы жоғары болса, үлкен сұранысқа ие болмасыз. Теледидар, микротолқынды пеш, тоңазытқыш және шәйнектерді қайта іске келтіргеніңіз үшін лайықты төлемақы аласыз.

Ателье бизнесі.

Тігін шеберханасында сіз киімді өндеу, жөндеу және безендіру жұмыстарын жүргізесіз. Бұл бизнесте сіз жылдың қай мезгілі болмасын, сұранысқа ие боласыз. Бұл кәсіпті үйде де бастауға болады. Өз ісіңізді бастау үшін сізге, тігін бұйымдарын, арнайы жиһаз, манекен және т.б. сатып алу керек.

Автокөлік жуу бизнесі.

Шағын кәсіпкерлер үшін оңтайлы бизнес-жоба – көлікті жуу немесе химиялық тазалауды (химчистка) ашу. Автокөлік жууға арналған орынды таңдау, өте маңызды. Бизнестің қабатты үйлер мен супермаркеттердің қасында орналасуы тиімді болып саналады.

Шаштараз ашу.

Шаштараз – бұл әрқашан сұранысқа ие болатын бизнес түрі. Әрбір адамда шаштаразға баратын қажеттілік туады. Бұл бизнес күрт ауытқуларға ұшырамайды, шаштараз қызметтері клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын болса болды. Осы факторлардың арқасында, шаштараз ашу идеясы шағын кәсіпкерлер арасында өте танымал.

Инвестор дегеніміз сіздің бизнесіңізге не бизнес-идеяңызға қаражатын құю арқылы табыс тапқысы келетін адам. Болжанған табыс іске аспауы да мүмкін. Сондықтан инвестор деп қаражатын бәйгеге тігіп-бизнеске құйып, тәуекелге баратын адамды меңзейміз. Инвестор іздеудің, онымен жұмыс істеудің өз тәртібі бар. Balbal.kz (business&motivation) арнайы оқырмандары үшін инвесторға барарда қажет болатын лайфхактарды жинақтады.

Инвесторды қалай және қайдан іздейміз?

Туысқанымыз, досымыз, әріптесіміз көп. Алайда қиындыққа тап болып ақша сұрасақ, біз сенім артып жүрген адамдардың ақшалай көмектесуі екіталай. Сұраған адамыңыз ақша берсе, ол сізге имандай сенеді деген сөз.

Читайте также:  Как открыть свою компанию за границей

Инвестор іздеген кезде де адамды тани білу маңызды. Инвестор іздегенде сіз бөгде біреу сізге толыққанды сенім арта алатындай дәрежеге жетуіңіз қажет.

Инвесторды өз салаңыздан іздеңіз. Мысалы, тоқыма өндірісімен айналысуды жоспарласаңыз, сол тоқыма өндірісінде жетістікке жеткен кәсіпкерге назарыңыз түссін. Егер сіз құрылыс бизнесімен айналысып жүрген адамға барып «тоқымама қаражат құйыңыз» десеңіз, 100-дің 98-і ұсынысыңыздан бас тартады. Ал бұл өз кезегінде сіздің сенімділігіңізге селкеу түсіреді.

Кейде сол салада тәжірибесі жоқ кәсіпкер келіссе де, қуану әлі ерте. Себебі ол бос сөйлеп, іске келгенде ширақ қимылдамауы мүмкін. Тіпті келісілгендей ақша бермеуі ғажап емес. Ақшасын берген күннің өзінде тәжірибесі жоқ инвестор сізге бағыт-бағдар сілтеудің орнына аяғыңызға тұсау болуы да ықтимал.

Инвесторға бірнешеу емес, бір-ақ идея ұсыныңыз.

Инвестор іздеуде жіберілетін 3 қателік

-Потенциалды инвесторға бар шындықты айтпауы;

-Бірлесіп жұмыс істеудің тәртібін қағазға түсірмеуі;

-Инвестор ойланамын десе, екінші рет оған бармауы

(инвестордың алдына кемінде 5 рет бару керек)

Инвесторға сөз емес, жоспар қажет

Ойыңызды, идеяңызды қағазға жазып үйреніңіз. Инвесторға сіздің эмоцияға толы әңгімеңіз қажет емес. Қанша от ауыз, орақ тілді болсаңыз да ол мұны жақсылыққа баламайды. Бір беттік болсын инвестициялық жоспар дайындаңыз.

2 айдың ішінде-ақ «табысымыз пәленше болады» деп асырып жазып, оптимист болмаңыз. Керісінше ой іске аспаса, жағдай қандай болатынын ашып көрсетіңіз. Жаман айтпай, жақсы жоқ.

Егер есебіңіз дұрыс болса, бәрі тап-тұйнақтай тізімделіп тұрса, сіздің инвестордың көзінше бағаңыз артады. Ол сізді бала емес, болашақ кәсіпкер ретінде көре бастайды. Демек «иә» дейтін жауап алуға мүмкіндігіңіз артады.

Бизнес-жобаның бір данасын инвесторға беріңіз. Ол идеяны ұрлап алады деп қорықпаңыз. Кәсіби инвесторларға күніне бәленбай жоба ұсынылады. Олар соның арасынан мардымдысын таңдап алуға ғана тырысады.

Бизнес-жобада қандай мәліметтер болуы тиіс?

-Сізге қажет сома (теңге, доллар).

Асырып көп сұрамаңыз. Өйткен жағдайда инвестор «мені қазірден-ақ алдап жатыр» деп ойлап қалады.

-Құйылған қаражат қанша уақытта, жылда қайтара алатыныңыз.

«Жобаны іске асыру үшін $100 000 керек. Оны екі жылда қайтарамын» дейсіз.

-Жобаның қаншалықты табысты болатындығы.

Есептеріңізге сай 20% не 40% табыс тапқыңыз келетіндігін көрсетесіз. Барлық сандарды жатқа білуіңіз шарт. Инвестордың көзінше қағазға қарап айту, өз есебіңді білмеу күмән тудырады.

-Қандай қиын жағдайларға (форс-мажорға) ұшырап қалу мүмкін екендігіңіз.

Шығындарды барынша азайта отырып, осы тығырықтардан қалайша шығатындығыңыз туралы жазасыз. Бұл арқылы қандай жағдай орын алмасын бәріне дайын екендігіңізді көрсетесіз. Нәтижесінде бар ойыңыз ақша емес, өміршеңді бизнес екендігіне инвестордың көзі жетеді.

-Өнімнің бір данасы (көрсетілетін қызметтің бір түрі) қанша тұратынын анықтау

Мысалы, пластикалық бөтелкеде су шығарамын дедіңіз. Ендеше бір пластикалық бөтелкенің бағасы қанша тұратынын жазасыз.

-Өнімнің бір данасы (көрсетілетін қызметтің бір түрі) қанша табыс алып келетінін білу

Бір пластикалық бөтелкедегі суды сатсаңыз, қанша теңге пайда түсетінін анықтау қажет. Сонда бір айда бәленбай сомаға қол жеткізу үшін нақты қанша су сату қажет екендігін білеміз.

Мысалы, сіз бірнеше қабатты үй салуға ұсыныс жасайсыз. Инвестор сізден бір шаршы метрдің өзіндік құны мен нарықтағы сатылым бағасын сұрайды. Сосын барып бүкіл ғимараттың қанша шаршы метр екендігін білгісі келеді. Осы ақпараттарға негізделе отырып қанша табыс табуға болатындығын есептейді. Мұны инвестордың «тілі» дейді. Инвестормен сандар арқылы сөйлеуді үйреніңіз.

-Ең құрығанда 10% ақша құюды қарастырыңыз.

Өз ақшасын бәйгеге тікпеген адамға инвестор жылы қабақ танытуы қиын. Себебі өз маңдай терімен тапқанын бизнеске салған адам барынша ширақ қимылдайды. Ал біреудің ақшасына бизнесін құрып жатқан адам кейде жалқаулыққа салынып кетеді.

-Бұл жоба несімен инвесторға тиімді болатынын жазыңыз.

Инвестормен келіссөз жүргізу тәртібі

Әдетте келісімшартқа сай бизнестің 40%-ы сіздікі, 60%-ы инвестордыкі болып есептелінеді. Инвестор ақша құйса, сіз негізгі жұмысты істейсіз. Осы пайыздық есепке сай келісімшарт бойынша ол құйған қаражатын болашақта қайтаруды талап етпейді. Халықаралық тәжірибеде бизнес аталмыш жүйе бойынша жасалынады.

Ал егер сіз инвестор құйған қаражатты қайтаратын болсаңыз, пайыздық үлесіңіз артады. Бүкіл қарыздан құтылған күні сіз бизнестің 60%-на, ал инвестор 40%-на ие болып қалады.

50%-де 50% деген пропорция болмайды. Себебі бұл әділетсіздік. Қаражатын құйған адам яғни инвестор сіз үшін тәуекелге барып отырғанын ұмытпағайсыз.

Инвестор үшін уақыт маңызды

Ешқандай инвестор сізбен өмір бақи жұмыс істегісі келмейді. Ол тек өз пйадасы үшін қаражатын уақытша береді. Сіздің бизнесіңізді тартып алуды да көздемейді. Инвестор жобалармен емес, қаржымен айналысатынын білгейсіз. Сондықтан қанша жылдан кейін құйған қаражат орнына келетіндігін, тағы қанша жылдан кейін өз үлесін сізге сату арқылы бизнесіңізден кетуге болатындығын ашып жазасыз.

Инвестор мен демеушінің айырмашылығы

Инвесторды демеушімен салыстырмаңыз. Ол қайырымдылықпен айналысатын не қайтарымсыз грант бөлетін қайырымдылық қоры емес.

Инвестор сіздің бизнес-идеяңыз арқылы өз табысын молайтуды көздейтін адам.

Сіздің мақсатыңыз инвестордың ақшасы арқылы баю емес, онымен бірге даму, өсу, капиталды арттыру, болашақта оның серіктесіне айналу болу қажет.

Материал Саидмурод Давлатовтың «ТМД аумағындай қалай миллионер атануға болады?» кітабында берген ақпараттары негізінде дайындалды.

Дайындаған: Жазира Байдалы

Источник

Оцените статью